Жамбыл облысында балық шаруашылығын дамыту қолға алынды

24.kz

Жамбыл облысында ауданы 24 мың 266 гектар болатын 115 ірі су айдыны бар. Оның 94-і шаруашылық жүргізу үшін заңды тұлғаларға берілген. Мұнда жыл сайын 200 тоннадан астам балық ауланады. Алайда бұл көлем облыс жұртшылығы үшін жеткіліксіз. Өйткені өңір тұрғындарына жыл сайын 3 мың 880 тонна балық қажет болса, оның 2 мың 465 тоннасы басқа аймақтардан жеткізіледі. Жергілікті билік балық шаруашылығын дамытамын деген азаматтарға 6 процентпен 12 миллион теңгеге дейін несие беруді қарастырып жатыр. Қазір табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы облыстағы өзен-көлдерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, балық өсіруге қолайлы 103 су айдынын анықтаған.Айбар Әділбақов, облыстық ТР

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: