Перуде автобус апатынан 18 адам қаза тапты

24.kz

Перуде Титикака көлінің маңындағы тас жолда автобус аударылып, 18 адам қайтыс болды.Қаза тапқандардың көбі әйелдер мен балалар. Одан бөлек тағы 39 адам түрлі жарақат алған. Белгілі болғандай автобус жүк көлігіне соғылған. Салдарынан екі темір тұлпарға да қатты зақым тиген. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер мен құтқарушылар өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Іс қозғалып, тексеру амалдары басталды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: