Алматыда жол апатынан 2 адам жарақат алды

Алматыда жол апатынан 2 адам жарақат алды

inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Шаляпин көшесінде болған. Volkswagen көлігі Шаляпин көшесіндегі ортаңғы жолақпен шығысты бетке алып келе жатқан. Сол сәтте аулалардың бірінен Subaru көлігі шығып, Шаляпинге шығыс бағытта түспек болған. Сол сәтте жапон көлігі неміс көлігін бүйірден соғып, теріс айналдырып жіберген.
Subaru жүргізушісі Volkswagen көлігін байқамай қалдым деп ақталды.
Соққыдан Volkswagen жолаушысы мен Subaru жүргізушісі жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Читать новость полностью

Поделитесь новостью:

Читайте также: