Көкшетаудың іргесінде 5 жел генераторы салынуда

Көкшетаудың іргесінде 5 жел генераторы салынуда

inform.kz

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Краснояр кентінде жел электр стансасын салу жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құлагер» атшабарының маңында салынып жатқан «ВетроИнвестКөкшетау» ЖШС жобасының құны 1,7 миллиард теңгені құрайды. Нысанды келер жылы аяқтау жоспарланған.
«Барлығы 5 жел генераторының құрылысы жүріп жатыр. Оның əрқайсысының қуаты - сағатына 750 КВт. Барлық қондырғының жалпы қуаты сағатына 3,2 МВт құрайды. Қазіргі кезде монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Келер жылдың жазында жобаны іске қосу жоспарланып отыр», - дейді құрылыс учаскесінің басшысы Асхат Жақсыбергенов....

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: