Астанада 2 күнде 30-дан астам жүргізуші мас күйінде ұсталды

24.kz

Демалыс күндері полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.2 күн ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 722 фактісі анықталып, 30-дан астам жүргізуші мас күйінде ұсталған. Жаяу жүргіншілерге қатысты жол ережесін бұзған 84 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ 8 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра рөлге отырған. Сонымен қатар жолда жүру ережесін бұзған 160 жаяу жүргінші тіркелді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: