Елордаға Ақмола облысының 130 кәсіпорны тауарын тасымалдайды

24.kz

Ақмола облысы Астананың нарығына жыл басынан бері 90 мың тонна сүт, 18 мың тонна ет өнімдерін жеткізген.Сондай-ақ астаналықтар 190 миллион дана жұмыртқа тұтыныпты. Жалпы, елордаға қазір аймақтың 130 кәсіпорны тауарын тасымалдайды.Астананың сауда-саттық белдеуін үздіксіз ет-сүт өнімдерімен қамту – жауапты міндет. Күнделікті азық-түлік жеткізуден бөлек дәстүрлі жәрмеңкелер де ұйымдастырылады. Өткен айдың өзінде өңірдің тауар өндірушілері құны 376 миллион теңге болатын 730 тонна ауыл шаруашылығы өнімін елорда тұрғындарына ұсынды.Әсен Жақсылықов, сүт өңдеу кәсіпорнының жетекшісі:- Өндірген өнімдеріміздің 30 проценті Астана қаласына жіберіледі. Жыл сайын көлем өсіп, өнімділік пен қаржы айналымы

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: