Озон қабаты 40 жылдан кейін қалпына келеді

Озон қабаты 40 жылдан кейін қалпына келеді

24.kz

Жер планетасын ультракүлгін сәуледен қорғап тұрған озон қабаты 2060 жылға қарай толығымен қалпына келеді.Бұл туралы Дүниежүзілік метео ұйымның баяндамасында айтылды. Аталған құжатқа сәйкес, қорғаныш қабат 2000 жылдан бергі он жылдықта 3 процентке қалпына келген. Айта кетерлігі, мұндай нәтижеге озон қабатын бұзатын химиялық қоспаларды өндіруге тыйым салатын Монреаль хаттамасының арқасында қол жеткізілген. Ал келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Кигали келісімі өз күшіне енеді. Келісім Монреаль хаттамасының 2016 жылғы өзгертілген бабы болып саналады. Ол бойынша атмосфераға таралатын гидрофтор көміртегінің көлемін азайту көзделіп отыр. Бұл келісімді әлемнің 58 мемлекеті ратификациялады.

Поделитесь новостью:

Читайте также: