Биылғы қыс ұзақ әрі қатты болады: Ауа райын болжаушы өз тұжырымын айтты

kaz.nur.kz

Биылғы қыс жылдағыға қарағанда ұзақтау болады. Бұл туралы ауа-райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбай
"Замана" басылымына
берген сұхбатында мәлім етті.
Болжамшының сөзіне сүйенсек, қараша айының соңына қарай таулы өңірлерде жаңбыр жиілеп, оның соңы қарға ұласады. Ал одан кейінгі қыс мезгілі жылдағыға қарағанда ұзақтау әрі қатты болмақ.
Оған қоса Нұрғабыл Қозыбай жақын жалдары құрғақшылық болмайтынын ескеріп, шаруаларға бидай егістігін қолға алуға кеңес берді.
Қазақтың ежелгі тәмсілдеріне сүйене отырып ауа райын болжайтын азамат алдағы үш жыл ауыл шаруашылығын, әсіресе егістікті өркендетуге өте қолайлы дегенді айтады.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: