40 жыл бұрын жоғалып кеткен портрет көрермендердің назарына ұсынылды

40 жыл бұрын жоғалып кеткен портрет көрермендердің назарына ұсынылды

24.kz

40 жыл бұрын жоғалып кеткен нигериялық ханшайымның «Туту» портреті өз еліне қайта оралды.Қазір ол Лагостағы «Art X» заманауи африкалық өнер көрмесінің көркін қыздырып тұр. Бұл туындыны Нигериядағы 20 ғасырдың ең танымал суретшісі әрі мүсінші Бенедикт Энвонву салған. Суретте Адетуту Адемилуи ханшайымының бейнесі бейнеленген. Гардиан журналының тілшілері ханшайымның Лагос қаласында тұратынын әрі көпшіліктен жасырынатынын айтады. Қазір Лондондағы пәтерлердің бірінде табылған портрет аукционда сатылымға шығарылды. Өнертанушы:– «Туту ханшайымы» Нигерияда соңғы рет 1975 жылы жұрт назарына ұсынылды. Суретші өз туындысын 1974 жылы салған болатын. Бір жылдан кейін туынды жоғалып кетті.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: