Жамбыл облысында 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

kaz.nur.kz

Жамбыл облысында жүйке жүйесінің дертіне шалдыққан 16 жастағы қыз жоғалып кетті. Айгүл Әзімбай далаға шығып кетіп, сол беті үйіне оралмаған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды
newtimes.kz сайтына
сілтеме жасаған
NUR.KZ.
Анықталғандай, жасөспірім шизофренияға шалдыққан. Ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Айгүлдің бойы 160-165 сантиметрді құрайды. Бойжеткен орта денелі, шашы қысқа әрі қара түсті.
Айгүл Әзімбайға қатысты қандай да бір ақпараттарыңыз болса, 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймын.

Читать новость полностью

Поделитесь новостью:

Читайте также: