Мигранттар Мексикадан саяси баспана сұрады

Мигранттар Мексикадан саяси баспана сұрады

24.kz

АҚШ-қа бет алған 3 мыңнан астам мигрант Мексика билігінен саяси баспана сұрады.Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Олардың 2 мың 700-інің өтініші қанағаттандырылған. Сөйтіп бұл босқындар елде заңды жұмыс істеу құқығына ие болды. Ал қазір Мексика астанасындағы мигранттар саны 5 жарым мыңға жетеді. Шаһардағы стадионға жиналған босқындарға шатырлар тігіліп, түрлі көмек көрсетілген. Әзірге олардың қаладағы қозғалысына шектеу жоқ. Бірақ билік шаһарда қайыр сұраған босқындар көбейгенін айтады.Беренис Валдес, әйелдер миграциясы институтының өкілі:- Мигранттардың басым бөлігі АҚШ-қа баруды қалайды. Бірақ біз оларға осында заңды түрде қалуға болатынын айтып, түсіндіргенде пікірлер

Поделитесь новостью:

Читайте также: