Бас мүфти Жамбыл облысы əкімінің міндетін атқарушы Бекболат Орынбековпен кездесті

Бас мүфти Жамбыл облысы əкімінің міндетін атқарушы Бекболат Орынбековпен кездесті

asyldin.kz

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына 2 күндік іс-сапармен барды.
Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері Жамбыл облысы əкімінің міндетін атқарушы Бекболат Орынбековпен кездесті.
Кездесуде өңірдің қазіргі діни ахуалы, мешіт-медреселердің жұмысы сөз болды. Бекболат Серікбекұлы облыста 295 мешіт бар екенін, онда 400-ден астам имам қызмет етіп жатқанын жеткізді.
Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз имамдарды электронды аттестациядан өткізу жаңа жұмыс жобасы Жамбыл облысынан басталғанын баяндады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: