Қазақстан мен Ресей бірлесіп ғарыш туризмін дамытпақ

24.kz

Ол үшін қазақстандық «Байқоңыр» және ресейлік «Восточный» ғарыш айлақтарында барлық жағдай жасалған.Бұл туралы Ресейдің Туризм жөніндегі федералдық агенттігінің жетекшісі Олег Сафонов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір әлемде туризмнің осы түріне деген қызығушылық артып келеді. Сондықтан бұл  бағытқа көңіл бөлу экономика үшін тиімді көрінеді. Сондай-ақ ол Каспий теңізіндегі кеме саяхатын дамыту жайлы айтып берді. Ол үшін 2015 жылы 2 кеменің құрылысы басталған. Сонымен қатар екі елдің туризм саласын дамытуға арналған жиында Қазақстанда ресейліктер көп уақыт өткізетін демалыс орындары да сөз болды.Айта кетейік, былтыр елімізге 1 миллион 700 мыңнан астам Ресей азаматы келген.Дәурен Жандарбек, Сол

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: