Астанада ұры Мәңгілік ел монументінің жанында тутұғыр ұрламақ болды

Астанада ұры Мәңгілік ел монументінің жанында тутұғыр ұрламақ болды

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлер тутұғырдың металл бөлігін ұрламақ болған жігітті ұстады, деп хабарлайды Астана полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиға 7 қараша күні Мәңгілік ел даңғылында болды.
Ұсталған ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бұған дейін құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіттің қала аумағында бұрын жасаған қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: