Жаңалықтар тележүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін

24.kz

Қытайдың мемлекеттік «Синхуа» ақпарат агенттігі әлемде тұңғыш рет жаңалықтар жүргізетін роботты ұсынды. Бұл туралы агенттіктің сайтында хабарланды.Оның түр-әлпеті, мінез-құлқы адамды айнытпай салады. Жасанды интеллект арқасында ол «тірі» әріптестерінен үлгі алып, дами алады екен. Виртуал жүргізушінің дебюті 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы Интернет бойынша Дүниежүзілік конференцияда өтті. Келесі күні ол ресми түрде жұмысына кірісіп кетті. Дәл осындай екі диктор болады екен: олардың бірі ағылшын тілінде жаңалықтар оқыса, екіншісі қытай тілінде. Синтезделген дауыспен қатарласатын осындай роботтар арқылы агенттік телеарнаға, сайттың және ұялы құрылғыларға жаңалықтарын жылдам дайындай алады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: