Эйфель мұнарасының баспалдағы аукционға қойылады

Эйфель мұнарасының баспалдағы аукционға қойылады

24.kz

Парижде Эйфель мұнарасының баспалдағы аукционға қойылады.Оның бастапқы құны – 40-60 мың еуро. Бірақ баға бәссауда кезінде жарты миллионға дейін көтерілуі мүмкін. 25 баспалдақтан тұратын бұл басқыш екінші және үшінші қабаттарды жалғастырған. Оның биіктігі 4 метрден асады. Салмағы – 900 келі. Қазір Елисей алаңына жақын жердегі ғимарат ауласына қойылған. Айта кетейік, бастапқыда инженер Гюстав Эйфель ұсынған бұл мұнараға Францияның бірқатар қоғам қайраткері қарсы шыққан еді. Бірақ 1889 жылы салынған мұнара Париждің басты белгісіне айналды.   Сесиль Тажан, Artcurial сауда үйінің өкілі:– Әлемге әйгілі мұнараның бір бөлшегін иемденуге талпынатын америкалық, канадалық, қытайлық азаматтар көп. 2016

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: