«Орал» халықаралық әуежайының терминалы жөндеуден өтеді

«Орал» халықаралық әуежайының терминалы жөндеуден өтеді

24.kz

Үкімет қаулысымен «Орал» халықаралық әуежайының терминалы мемлекет меншігіне берілді.Бұл салынғанына жарты ғасыр болған әуежай ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін жасалып отыр. Терминалды жөндеудің жобалық құны – 2 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстары келер көктемде басталады. Осыдан үш жыл бұрын әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңғыртылса, енді ғимараты да халықаралық талаптарға сәйкестендірілмек. Нәтижесінде өткізу қабілеті екі есе артып, сағатына 400 жолаушыға жетпекші. Бүгінде Оралдан Алматы мен Астанаға және Атырау, Ақтау қалаларына, Ресей астанасы Мәскеуге тұрақты қатынас болса, Анталия мен Франкфуртке жаңа рейстер ашыла бастады.Артур Досқалиев, «Орал» ӘКК» басқарма төрағасының орынбасары:

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: