АҚШ-та құмнан мүсін жасаудан ерекше жарыс өтті

АҚШ-та құмнан мүсін жасаудан ерекше жарыс өтті

24.kz

Флорида штатына қарасты Ки-Уэст аралында құмнан мүсін сомдау бойынша халықаралық жарыс өтті.Биыл төртінші жыл рет ұйымдастырылған дәстүрлі сайысқа Чехия, Сингапур, Канада мен Американың шеберлері қатысты. Таңғажайып туындыларды жасау барысында мүсіншілер тек құм мен суды ғана қолданған. Айта кетерлігі, қиял ғажайып ертегілердің кейіпкерлері мен өзге де туындыларды сомдауға төрт күн жұмсалды. Сайыс қорытындысы бойынша, «Мүсіншілер таңдауы» марапаты канадалық Эйб Уотерманға бұйырды. Ал америкалық Дэн Белчер Ки-Уэсттың мэрі тағайындаған виртуалды «Конк Республикасының» марапатына ие болды. Ки-Уэсттің жергілікті тұрғындары Адам Рассел мен Келли Левер көрермендер көзайымы сыйлығымен марапатталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: