Сомалиде лаңкестік жарылыстан 14 адам қаза тапты

Сомалиде лаңкестік жарылыстан 14 адам қаза тапты

24.kz

Сомалидің діни орталығына содырлар оқ жаудырып, ізінше көшедегі көлікті жарып жіберген.Салдарынан дін басшысы мен 14 адам ажал құшты. Лаңкестік шабуылды «Аш Шабаб» исламистік содырлар тобы мойнына алған. Бұған дейін лаңкестік топ дін басшысын Мұхамед пайғамбарды мойындамағаны үшін айыптаған болатын. Әбдірахман Абдуллаһи Сомалидің полиция басшысы:- Таңғы сағат алтыда жанкешті жарылыс ұйымдастырып, ондаған адамның өмірін қиды. Содырларға қарсы іс-қимыл ұйымдастырғанның арқасында біз 4 содырдың көзін жойдық. Қалғандарын іздестіріп жатырмыз. Тергеу амалдары жалғасуда.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: