Басына кірпіш құлаған адам ауруханаға жеткізілді

Басына кірпіш құлаған адам ауруханаға жеткізілді

abctv.kz

Қызылорда қаласы Титов қыстағында бесінші қабаттан басына кірпіш құлаған 42 жастағы азамат ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24.kz.
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға қатты соққан жел салдарынан болған.
«42 жастағы азамат жабық бассүйек-ми жарақатын алды. Ол Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: