АҚШ Мумбайдағы терактіні ұйымдастырғандар туралы ақпаратқа сыйақы тағайындады

АҚШ Мумбайдағы терактіні ұйымдастырғандар туралы ақпаратқа сыйақы тағайындады

24.kz

АҚШ 2008 жылы Мумбайдағы терактіні ұйымдастырғандар туралы ақпарат үшін 5 миллион доллар сыйақы тағайындады.Мұндай мәлімдемені Мемлекеттік хатшы Майк Помпео лаңкестік әрекетке 10 жыл толуына орай жасады.Помпео шабуылды «тағылық әрекет» деп, оны жүзеге асырғандар тиісті жазасын алуы керектігін жеткізді.Айта кетейік, 2008 жылы Пәкістаннан өткен қарулы топ Үндістанның Мумбай қаласында бірнеше шабуыл жасады. Олар екі қонақ үйдегі адамдарды кепілдікке алды. Бірнеше күнге созылған операция барысында 166 адам қаза тапты. Оның ішінде 6 америкалық азамат бар.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: