Көкшетауда 280 орындық балабақша ашылды

Көкшетауда 280 орындық балабақша ашылды

24.kz

Көкшетауда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жаңа балабақша ашылды.280 орындық нысан «Юбилейный» ықшамауданында бой көтерген. Құрылысына 800 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған мектепке дейінгі мекемеде енді 72 адам жұмыс істейді. Олардың жартысынан астамы тәрбиешілер. Балабақшада қазақ және орыс тілдерінде тәлім беретін 12 топ болады.Айта кетейік, соңғы жылдары облыс орталығында балабақша жетіспеушілігі біртіндеп шешімін тауып келеді. Қазір 3 пен 6 жас аралығындағы 3 мыңнан астам бүлдіршін кезекте тұр.Бейбіт Жүсіпов, қалалық білім бөлімінің жетекшісі:- Жалпы, қала бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту 98,4 пайызға жетті. Енді алдымыздағы меже – 100 пайызға жеткізу

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: