Қос Кореяның шекарасындағы темір жол біріктіріледі

Қос Кореяның шекарасындағы темір жол біріктіріледі

24.kz

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея шекарасындағы темір жолдар біріктіріледі.Салтанатты шара желтоқсанның 26-сы күні Панмун теміржол станциясында өтеді. Оған әр елден 100-ге жуық қонақ қатысады. Ал Кэсон аймағында орналасқан станция бауырлас елдерді байланыстыратын басты бекеттің бірі болмақ. Бірақ сарапшылар «қос Корея арасындағы теміржол қайта қосылғанымен солтүстіктен оңтүстікке баратын жолаушылар көбейе қоймас» деп отыр. Себебі Пхеньян өз азаматтарының қозғалысына қатаң шектеу енгізген. Айта кетейік, Корея 1948 жылы екіге бөлінгенге дейін қазіргі қос елдің арасын 2 теміржол байланыстырып тұрған.

Поделитесь новостью:

Читайте также: