Испания прокуратурасы әнші Шакираға айып тақты

Испания прокуратурасы әнші Шакираға айып тақты

24.kz

Испания прокуратурасы колумбиялық әнші Шакира салықтан жалтарды деп айып тақты.Аталған органның мәлімдеуінше, әйгілі әнші 14,5 миллион еуро төлемеген. Прокурорлар «Шакира 2011 жылдан бері «Барселона» клубының ойыншысы Жерар Пикемен бірге тұрған. Сондықтан жергілікті заң бойынша барлық кірісінен салық төлеуі тиіс» дегенді айтады. Алайда Шакираның қорғаушысы әнші Испанияға тек 2015 жылы қоныс аударып, салық қызметіне де осы жылы тіркелгендігін алға тартуда. Енді мәселені сот қарауы тиіс.Айта кетейік, Шакира биыл ғана 2011 жылғы қарызы үшін 20 миллион еуро төлеген болатын.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: