Филиппиндік бойжеткен «Ғалам аруы-2018» атанды

Филиппиндік бойжеткен «Ғалам аруы-2018» атанды

24.kz

24 жастағы филиппиндік ару Катриона Грэй «Ғалам аруы-2018» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Екінші орынға Венесуэладан келген Стефани Гутьеррес лайық деп танылды. Жалпы, Катриона Грэй – «Ғалам аруы» атанған төртінші филиппиндік бойжеткен. Бұған дейін Филиппиннен 1969 жылы – Глория Диас, 1973 жылы - Марджия Моран және 2015 жылы Пия Вурцбах осы байқауда бас жүлдені иеленген болатын.  Ал өткен жылы оңтүстікафрикалық модель Деми-Лей Нель-Петерс оқ бойы озық шығып, ғаламның ең сұлу аруы атанды.Айта кетейік, біз сынға еліміздің атынан алматылық Сәбина Әзімбаева қатысты. Ол үміткер үздіктер қатарына енген жоқ.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: