Астанада қайталанбалы нарықтағы баспана бағасы 11.3% өскен

Астанада қайталанбалы нарықтағы баспана бағасы 11.3% өскен

24.kz

ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, Астанада биыл қайталанбалы нарықтағы баспана бағасы 11.3% ұлғайған.Ал Алматыда меншік иелері бағаны 1.2% көтерген, деп жазады krisha.kz.Сонымен қатар өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда Қызылорда, (+6.8 %), Қостанай (+3.7 %) және Шымкент (+3.1 %) қалаларында да баға біршама өскен. Керісінше, Ақтау (-7.1 %), Тараз (4.8 %) және Ақтөбе (-1.9 %) қалаларында баға көрсеткіші төмендеген.Еліміз бойынша қайталанбалы нарықтағы үйлердің бағасы 1.7% жоғарылаған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: