БҚО-да Тәуелсіздік күні 37 сәби дүниеге келді

БҚО-да Тәуелсіздік күні 37 сәби дүниеге келді

24.kz

Батыс Қазақстан облысында дәл Тәуелсіздік мерекесі күні 37 сәби дүние есігін ашты.Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Дәурен Сәкенұлының айтуынша, 16 желтоқсанда өңірдегі барлық перзентаханаларда жас аналар мен дүниеге келген сәбилерді құттықтау дәстүрге айналған. Облыстық перинаталды орталық пен қалалық көпбейінді ауруханадағы перзентхана үйінде болған облыс әкімі Алтай Көлгінов жас аналарды құттықтап, әрқайсысына бесік арба табыстады. Өз кезегінде аналар да дәрігерлерге ризашылықтарын жеткізіп, ана мен бала денсаулығы кемел келешектің кепілі екенін жеткізді.Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: