Өскемендегі жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталды

Өскемендегі жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталды

abctv.kz

Өскемендегі Спорт сарайы маңындағы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Естеріңізде болса, қала әкімі соңғы мерзім 15 желтоқсан деп атап көрсеткен болатын.
Көпірдің құрылысын аймақ басшысы Даниал Ахметов келіп көрді. Тәуелсіздік және Абай даңғылдарының бойында жол апаты көп болатындығын айтқан ол, көп ұзатпай таяу күнде көпірді пайдалануға беру керектігін тапсырды.
Айта кетейік, көпірдің жалпы ұзындығы 87 метр. Баспалдақтары жайпақ, ыңғайлы. Мүгедектер мен бесік-арба итерген аналарға арналған лифт те бар.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: