Димаш қазақ тілінде ән айтып, қытайлықтарды тағы да тәнті етті (видео)

Димаш қазақ тілінде ән айтып, қытайлықтарды тағы да тәнті етті (видео)

altyn-orda.kz

Димаш Құдайберген Қытайда өткен “Әлем аруы 2018” байқауында өнер көрсетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол қазақ тіліндегі “Ұмытылмас күн” әнін орындап, қытайлықтарды тағы бір рет тәнті етті. Аталмыш шараны әлемдегі 200 елдің көрермендері қараған. Осыған дейін Димаш Құдайберген финалда өнер көрсететін Екатирина Дворецкий есімді қазақстандықты қолдайтынын айтқан болатын.
Димаш сахнаға шығысымен-ақ залда тыныштық орнап, көрермендер әннің соңына дейін ұйып тыңдады. Өнер көрсетіп болған соң әдеттегідей ұзақ уақыт қол соғып, құрмет көрсетті.
qamshy.kz/

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: