Бішкекте жолаушы тасымалдайтын шағын автобус аударылып қалды

Бішкекте жолаушы тасымалдайтын шағын автобус аударылып қалды

24.kz

Бішкекте Әбдраева мен Шуштөбе көшесінің қиылысында болған жол апаты кезінде №166 бағдарда қатынайтын шағын жолаушылар автобусы аударылып қалған.Бұл туралы «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.«Мазда» көлігімен соқтығысқан шағын автобус бір жағына қырына жантайып құлап түскен. Екі жолаушы зардап шекті, оның бірі қыз бала, екіншісі әйел адам. Екеуі де ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.Қазіргі уақытта бұл іске қатысты барлық материалдап Бішкектің қалалық ІІБ Тергеу басқармасына жолданылған. Көліктер айып тұрағына жеткізілді.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: