Әзірбайжан полиэтилен дорбалардан бас тартпақ

Әзірбайжан полиэтилен дорбалардан бас тартпақ

24.kz

Әзірбайжан бір реттік полиэтилен дорбалардың қолданысын қысқартады, деп хабарлайды «Хабар 24».Арнайы жоба аясында сауда-саттық орындарына мұндай дорбаларды таратуға тыйым салынбақ.Келер жылдан бастап Әзірбайжан пластик дорбаларды қолдануды қысқарту бойынша арнайы жобаны іске қосады. Оның мерзімі екі жылға жалғаспақ. Осылайша, жоба авторлары ұзақ жылдар бойы шіритін пластик қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін кесірін кемітуді көздеп отыр. Бұндай жоспарды іске асыруға әлемдік тәжірибе түрткі болды. Аталған тыйымды заңды түрде енгізген елдерде бір реттік дорбашалардың қолданылуы 90%-ға азайған. Әзірбайжанның статистика комитетінің мәліметінше, әр адам жылына 24 келі пластик қоқыс өндіреді

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: