Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

24.kz

Қазіргі уақытта жеті ұшу рейсі мен бес қону рейсі уақытынан кешігіп жатыр. Атап айтсақ, SCAT әуе компаниясының Шымкент - Астана және Ереван - Астана бағыты бойынша екі рейсі, Qazaq Air әуе компаниясының Алматыдан шығатын екі рейсі мен Жезқазғаннан ұшатын бір рейсі кешігуде.Сондай-ақ Air Astana компаниясының Алматыдан шыққан рейсі мен польшалық әуе желілерінің Варшавадан шығатын рейсі де кешігіп жатыр. Кешігу уақыты жарты сағаттан 4,5 сағатқа дейін жетіп отыр.Сол сияқты, Астанадан Ереван, Алматы, Ақтөбе және Жезқазғанға бағытталған рейстер де кешігуде.Атап өту керек, Астанада аздаған қар жауып, тұман түсуде. Рейстердің кешігу себебі жөнінде әзірше мәлімдеме жасалған жоқ.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: