Бразилия президентіне айып тағылды

Бразилия президентіне айып тағылды

24.kz

Бразилия президенті Мишел Темерге сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылды.Тергеу қорытындысы көрсеткендей, мемлекет басшысы елдегі көлік компаниясынан 6 миллион доллар пара алған. Енді мәселені парламент қарауы тиіс. Ал түрмеге қамалған бұрынғы ел басшысы Лула Да Силва бостандыққа шығуы мүмкін. Себебі, Бразилия жоғарғы сотының министрі Марк Аурелио екінші сатылымы сот шешімімен абақтыға қамалғандарды босату туралы шешім шығарды. Оның айтуынша, жоғарғы соттың үкімі жарияланбайынша күдіктіні түрмеге жабу заңға қайшы. Ал Лула Да Силва дәл осындай жолмен бас бостандығынан айырылған болатын. Тергеушілер оған да сыбайлас жемқорлыққа барды деген айып таққан еді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: