ҚХА бизнесті дамытуға арналған 5 бастаманы таныстырды

ҚХА бизнесті дамытуға арналған 5 бастаманы таныстырды

24.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы еліміздегі бизнесті өркендетуге арналған 5 бастаманы таныстырды.Бұлар – агроөнеркәсіп кешенін дамыту, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, импорттық тауарларды алмастыру, заманауи технологияларды қолдану және жасыл экономикаға көңіл бөлу. Қауымдастық мүшелерінің сөзінше, бұл бес бағыт отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ жергілікті өнім сапасына да оң әсер ететін көрінеді. Осы және өзге мәселелерді кәсіпкерлер Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған форумда талқылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар жиын аясында отандық тауар өндірушілер мен қолөнершілер жасап шығарған өнімдер көрмесі ұйымдастырылды.

Поделитесь новостью:

Читайте также: