Алматы облысында шетел азаматтарына арналған көші-қон орталығы ашылды

Алматы облысында шетел азаматтарына арналған көші-қон орталығы ашылды

24.kz

Алматы облысында шетел азаматтарына арналған көші-қон орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».Іле ауданынының Өтеген батыр ауылында орналасқан бұл жаңа құрылымның әлеуеті мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталады. Алматы облысы еліміздегі ең үлкен өңірлердің бірі болғандықтан, мұнда алыс және жақын шет елдерден келетін азаматтардың қатары жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, өткен жылы Жетісу жеріне 200 мыңнан астам шетелдік келген. Басым көпшілігі - еңбек мигранттары. «Енді олар құжат рәсімдеу және тіркеу жұмыстарымен бұрынғыдай бірнеше күн бойы әр мекемеге бас сұғып сабылмайды. Жаңадан ашылған көші-қон орталығы арқылы қажетті құжаттарын тез арада рәсімдеуге мүмкіндік алып отыр», - де

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: