Дрондардың кесірінен Лондондағы Гатвик әуежайында 10 мың адам жолынан қалды

Дрондардың кесірінен Лондондағы Гатвик әуежайында 10 мың адам жолынан қалды

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы Гатвик әуежайында жазғы алаңның үстінде дрондар пайда болғандықтан, ұшу-қону жолағы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Ондаған рейс тоқтатылды. Гатвикке ұшып келе жатқан ұшақтар басқа бағытқа - Лондонның Хитроу және Лутон әуежайларына, сондай-ақ Манчестер, Кардифф, Париж, тіпті Амстердам әуежайларына жіберіліп жатыр.
Соңғы деректерге қарағанда, дрондардың кесірінен 10 мыңға жуық адам жолынан қалған.
Гатвик әуежайының операциялық директоры Крис Вудруфтың сөзіне қарағанда, әуеде жұрт көрген соңғы дронды іздеп жатыр.
Оларды ұшырғандар әлі табылған жоқ.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: