Сауд Арабиясының шөлінде алғашқы балық мейрамханасын ашылды

Сауд Арабиясының шөлінде алғашқы балық мейрамханасын ашылды

24.kz

Ратаан әл-Шимари есімді азамат Сауд Арабиясының шөлінде алғашқы балық мейрамханасын ашып, ерекше кәсібімен танымал болды, деп хабарлайды «Хабар 24».Ратаан мейрамханаға шикізатты өзінің шөлдегі балық фермасынан алады. Қонақтар қандай су маржанын жегісі келетінін өздері таңдайды. Ол тапсырыс берушінің көзінше ауланып, түрлі әдіспен әзірленеді. Кәсіпкер алдағы уақытта өз шарушылығын кеңейтіп, балық өсіретін орындарын ұлғайтуды көздеп отыр.Ратаан әл-Шимари, кәсіпкер:- Кәсіпте жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, бұрын соңды ешкім қолға алмаған іспен айналысу керек. Менің балық өсіріп, мейрамхана ашуыма осындай ой түрткі болды. Осылайша, елде жоқ тұқы балығын өсіруге кірісіп, кәсібім өрге басты.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: