21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

today.kz

21 желтоқсан Қазақстанның көп бөлігінде күн ашық, аяз болады, деп хабарлайды
Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, аздаған боран болады. Таңда және күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін, тіпті 23 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түркістан облысында синоптиктер тұман, аздаған боран болатынын айтты, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, аздаған боран күтіледі. Таңда және күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында тұман, түнде боран болады.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: