Римде туристік автобустардың жүргізушілері ереуілге шықты

Римде туристік автобустардың жүргізушілері ереуілге шықты

24.kz

Италия астанасында 200-ге жуық туристік автобус жүргізушілері бас көтеріп, Римнің орталық алаңындағы көшелерді жауып тастады.Олар биліктің туристік автобустарға Рим орталығына кіруіне тыйым салу туралы шешіміне қарсы. Тәртіп қаңтар айынан бастап күшіне енуі керек. Туристік компаниялар мұндай шара шаһар туризіміне ғана емес сонымен қатар дүкендер мен мейрамханалардың жұмысына да нұқсан келтіреді дейді. Ал шаһар кеңесі болса, шара қоршаған орта мен археологиялық ескерткіштерді қорғау және тұрғындардың қауіпсіздігін жақсарту мақсатында қолға алынғанын айтып отыр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: