Ақтөбеде маска киген белгісіз біреулер оқушы қызды аяусыз соққыға жықты

Ақтөбеде маска киген белгісіз біреулер оқушы қызды аяусыз соққыға жықты

stan.kz

Бұл туралы «
Актобе Таймс
» басылымына сілтеме жасап
Stan.kz
хабарлайды.
Басылым мәліметінше, оқиға 12 желтоқсанда №55 мектептің маңында орын алған. Маска киген 4 адам 9-сынып оқушысына шабуылдап, ұрып-соғып, артынан қашып кетіпті.
Болжам бойынша, оқушыға тап берген қыздар көрінеді.
Салдарынан 14 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Оның миы шайқалып, бас-ми жарақатын алған. Дәрігерлер оған көмек көрсетіп, амбулаториялық ем алуға жіберді.
Әзірге оны кімнің және не үшін соққыға жыққаны белгісіз.
Облыстық полиция департаментіндегілер аталған фактіні растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Stan.kz сайтын...

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: