Ақтөбеде дүкенге нан алуға барған азамат 27 миллион теңгесінен айрылып қалды

Ақтөбеде дүкенге нан алуға барған азамат 27 миллион теңгесінен айрылып қалды

kaz.nur.kz

Ақтөбеде дүкенген нан алуға барған ер азамат үлкен сомадағы ақшасынан айрылып қалды. Ол қомақты қаражатын машинасында қалдырып кеткен деп хабарлайды
Актобе Таймс
сайтына сілтеме жасаған
NUR.KZ.
Оқиға 21 желтоқсан күні сағат жеті шамасында "Анвар" атты гипермаркеттің жанында болған. Дүкеннің алдына машинасын қойған ер азамат нан алу үшін сауда орнына кіріп кеткен.
Осыны пайдаланған ұры жасанды кілт көмегімен оның көлігін ашып, 27 миллион теңгені қолды қылған.
Кәсіпкер тәртіп сақшыларына арыз жазды.
Ұрыны құқық қорғау қызметкерлері іздестіруде.

Читать новость полностью

Поделитесь новостью:

Читайте также: