Ақтөбеде бетперде киіп алған қыздар мектеп оқушысын соққының астына алған

Ақтөбеде бетперде киіп алған қыздар мектеп оқушысын соққының астына алған

kaz.nur.kz

Ақтөбе қаласында бетперде киіп алған төрт қыз қаладағы №55 мектептің тоғызыншы сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан деп хабарлайды
Актобе Таймс
сайтына сілтеме жасаған
NUR.KZ.
Оқиға 12 желтоқсан күні кешкі сағат алты шамасында орын алған.
Бетперде киіп алған оқушы қыздар №55 мектептің тоғызыншы сынып оқушысын аяусыз соққылаған. Қыздардың мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз.
Шабуылдың салдарынан 14 жастағы қыз басынан ауыр соққы алған. Медициналық тексерістен соң дәрігерлер жәбірленушіні үйіне жіберген.
Ақтөбе облысының полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растап отыр.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: