Францияда полиция биліктен жалақыны өсіруді талап етті

Францияда полиция биліктен жалақыны өсіруді талап етті

24.kz

Францияда жүзге жуық тәртіп сақшысы биліктен жұмыс жағдайын жақсартуды талап етті. Наразылық шарасы жаппай шеруге ұласпас үшін Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің жалақасын көтеруге келісті.Ал елде «сары күртешелердің» наразылығы әлі басылар емес. Соңғы мәлімет бойынша шерулер кезінде қаза тапқандардың саны 9-ға жеткен. Ал толқулар басталғалы 3 мыңға жуық адам жарақат алған. Оның 1 мыңнан астамы полицей.Еске сала кетейік, «сары  күртешелер» шеруі осыдан бірнеше апта бұрын басталған еді. Алғашқы кезде жанармайға салықты өсіруге қарсы болған шерушілер енді үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: