Чили қара материяны зерттейтін телескоп тұрғызады

Чили қара материяны зерттейтін телескоп тұрғызады

24.kz

Чили Еуропа елдерімен бірігіп, әлемдегі ең ірі гамма-телескоп кешенін тұрғызады. Халықаралық жоба ғарыш кеңістігін зерттеуге арналған құрылғыларды жасап шығаруға бағытталған.Атап айтқанда, озық үлгідегі телескоптар гамма-сәулелердің шашырауы мен қара материаны зерттейтін болады. Ғылыми нысанның құрылысы туралы келісімге Еуропаның оңтүстік обсерваториясы мен Чилидегі католик университетінің өкілдері қол қойды. Оқу ордасының астрономия және астрофизика департаментінің басшысы атап өткендей, кешен қазіргі  обсерваторимен салыстырғанда 10 есе мықты болмақ. Сонда ғана ғалымдар ғарышқа тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: