Астана-Павлодар жолында  бұзылған автобустың 14 жолаушысы құтқарылды

Астана-Павлодар жолында бұзылған автобустың 14 жолаушысы құтқарылды

inform.kz

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Республикалық маңызы бар Павлодар - Астана жолында 14 жолаушы құтқарылды. Оның біреуі - бала, деп хабарлайды
Облыстық ТЖ департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәліметінше, түнгі сағат үште Семей-Астана бағыты бойынша келе жатқан көлік жүргізушілері құтқарушылардан көмек сұрап жүгінген. «Van Hool» маркалы жолаушылар автобусы Қалқаман ауылынан 10 шақырым жерде істен шыққан.
«Таңғы сағат бесте  27 градус аяз болды. Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлерінің күшімен жолаушылар кенттің жылыту пункті орналасқан жол бойындағы дәмханаға жеткізілді», - дейді департаментте.

Читать новость полностью

Поделитесь новостью:

Читайте также: