ШҚО-да ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендеді

ШҚО-да ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендеді

24.kz

Қыстың саршұнақ аязы басталды.Шығыс Қазақстанда бүгін сынап бағанасы 33, кей жерлерде 37-38 градусқа дейін төмендеді. Өңірдегі мектептерде сабақ болған жоқ. Жалпы 16 ауданда оқушылар кезектен тыс демалысқа шықты. Мәселен, Өскемен мен Семейдің өз басында ауа температурасы -30 градусты көрсетіп, таңғы ауысымдағы балалар сабаққа бармады. Ал Бородулиха, Шемонайха, Бесқарағай аудандарында күн 36 градусқа дейін суытып, сабақ толық шегерілді.Айта кету керек, желтоқсанның 21-інен 22-сіне қараған түні қатты аяз болатыны жайлы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алдын ала ақпарат таратып, тұрғындарға ескерткен болатын. Аймақтағы жол бойында 16 жылыну және 4 медициналық-санитарлық пункт жұмыс істе

Поделитесь новостью:

Читайте также: