Футзалдан Қазақстан кубогының қола жүлдегері анықталды

Футзалдан Қазақстан кубогының қола жүлдегері анықталды

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубоктың үшінші орын үшін өткізілген матчында Алматының «Қайраты» Талдықорғанның «Жетісу» командасын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Күтпегенде «Ақтөбеден» ойсырай жеңілген алматылықтар турнирді көңілді аяқтауға бел буғаны көрініп тұрды. Ойында «Қайрат» айқын басымдыққа ие болып, төрт гол соқты. Хоссейн Тайеби дубль авторы атанса, Джон Леннон мен капитан Дінмұхамбет Сүлейменов бір-бір голдан еншіледі.
«Қайраттың» төрт голына «Жетісу» екі голмен ғана жауап қайыра алды. Голдарға Пиялы мен Эвертон автор болды.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: