Конгода апатқа ұшыраған ұшақты ресейлік экипаж басқарған болуы мүмкін

Конгода апатқа ұшыраған ұшақты ресейлік экипаж басқарған болуы мүмкін

inform.kz

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасында 23 адамы бар Ан-26 жүк тасымалдаушы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Ресейдің Конго Демократиялық Республикасындағы елшісі Алексей Сентебовтың мәлімдеуінше, 23 адамның үшеуі ресейлік болған. Бейресми хабарларға қарағанда, ұшақты ресейлік экипаж басқарған.
Дипломаттың айтуынша, экипаж мүшелерінің тағдыры не болғаны әзірге белгісіз.
«Қазіргі кезде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Апатқа ұшыраған жер, ұшқыштардың аты-жөні және олардың жағдайы анықталып жатыр», - деп мәлімдеді Сентебов.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: