TITAN FC 51 турнирі: Бейбіт Назаров Мартин Брауннан өз жерінде жеңілді

TITAN FC 51 турнирі: Бейбіт Назаров Мартин Брауннан өз жерінде жеңілді

kaz.nur.kz

Алматы қаласының "Алматы Арена" спорт кешенінде өткен TITAN FC 51 халықаралық турниріндегі басты жекпе-жекте әлем чемпионы атағына таласқан Бейбіт Назаров америкалық Мартин Брауннан жеңіліп қалды деп хабарлайды
NUR.KZ
.
70 келі салмақта әлем чемпионы атағына таласқан Бейбіт Назаров өз елінде отандастарын жеңісімен қуанта алмады.
Октагондағы жекпе-жек бес раундқа созылды. Бастапқыда Бейбіт Назаров басымдылық көрсеткенімен, соңғы раундтарда америкалық спортшы еркін қимылдап, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
Осылайша, жанкүйерлердің қолдауына қарамастан Бейбіт Назаров америкалық спортшыға есе жіберді.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: