Вена орталығындағы атыс: бір  адам оққа ұшты, екеуі жараланған

Вена орталығындағы атыс: бір адам оққа ұшты, екеуі жараланған

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустрия астанасы Вена қаласының орталығындағы мейрамханада атыс болып, бір адам оққа ұшты, тағы екеуі жараланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Оқыс оқиға жергілікті уақытпен 13:30 шамасында, Figlmüller мейрамханасында болған. Жергілікті БАҚ таратқан хабарларға қарағанда, бір адам қаза тауып, екі адам ауыр жараланған.
Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы мен Аустрия арнаулы бөлімшесінің лаңкестікке қарсы «Кобра» бөлімшесі жұмыс істеп жатыр.
Қылмыскерге іздеу салынды.
Фото: © REUTERS / Leonhard Foeger

Читать новость полностью

Поделитесь новостью:

Читайте также: